2424
8 8000 800 283

Корпоративтік клиенттерді қаржыландыру

Қаржыландыру мақсаттары
  • Айналымдағы капиталды қаржыландыру;
  • Сатып алынатын немесе жаңартылатын негізгі құралдарды қаржыландыру;
  • Инвестициялық салымдарды қаржыландыру, қолданыстағы бизнесті дамыту;
  • Жобалық қаржыландыру (Өтініш иесінің өзінің қатысу үлесі болған жағдайда);
  • Қайта қаржыландыру
Қаржыландыру түрлі құралдарды қолдана отырып, 7 жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі
  • Біржолғы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттер;
  • Түрлі қаржы құралдары мен қаржыландыру валюталарын қолдана отырып кредит желісі аясында револьверлік қаржыландыру;
  • Кепілмен қамсыздандырылған қарыз алушыға белгіленген тәуекелдер лимиті аясындағы өтелмеген құжаттамалық операциялар.
Тіркелген және құбылмалы сыйақы мөлшерлемесі қолданылады.
  • Құбылмалы сыйақы мөлшерлемелері кредиттеу валютасына қарай LIBOR/Euribor/KazPrime динамикасына тәуелді.


«АТФБанк» АҚ корпоративтик клиенттерге субсидиялаудың төмендегі мемлекеттік бағдарламаларына қатысуды ұсынады:
  • «Бизнестің жол картасы-2020» I және III бағыт;
  • Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, сондай-ақ технологиялық жабдық пен ауылшаруашылық техникасына лизинг беру (ҚР АШМ 2014)
  • Даму Өндіріс II
  • ҚДБ АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жеңілдікті талаптармен 10 жылға дейінгі мерзімге қаржыландыру.


Мемлекеттік субсидиялау бағдарламаларына қатысу Қарыз алушының қаржы шығындарын шығарылған бағдарламаларда белгіленген критерийлерге сәйкес оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Қаржыландыру бойынша өтінімді дәл қазір ресімдеуге болады Тиімді жағдайларды талқылау үшін сізге біздің мамандарымыз хабарласады
Отправить