2424
8 8000 800 283

Валюталық заңнама бойынша жеке сұрақтар

«АТФБанк» АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа ала отырып, өз клиенттерінің тапсыруымен экспорттық-импорттық валюта операцияларын жүргізген кезде валюталық бақылау агентінің қызметін атқарады, оның негізгі бағыттары:
  • Жүргізілетін валюта операцияларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін анықтау;
  • Валюта операциялары бойынша төлемдердің негізділігін және оларды іске асыру үшін қажетті құжаттардың бар екенін тексеру;
  • Валюта операциялары бойынша есепке алу және есептіліктің толықтығы мен шынайылығын тексеру.

Мәміле паспорты экспорттаушының немесе импорттаушының банктік шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкте ашылуы, жабылуы тиіс.

Келісім-шарт талаптарына сәйкес төлемдер және (немесе) ақша аударымдары экспорттаушының немесе импорттаушының шетел банктеріндегі шоттарынан жүргізілген жағдайда, мәміле паспорты экспорттаушының немесе импорттаушының тіркелген жеріндегі Ұлттық Банк филиалында ашылуы, жабылауы тиіс.

Мәміле паспорты төлемдер жүргізілгеніге дейін және (немесе) ақша аударылғанға дейін, не экспорттаушы немесе импорттаушы тауарларды келісім-шарт бойынша кедендік ресімдегенге дейін ашылуы тиіс.

Экспорттаушы немесе импорттаушы мәміле паспортын ресімдеу үшін уәкілетті банкке мыналарды береді:
  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы экспорттық-импорттық валюталық бақылау ережесінің (бұдан әрі – Еереже) 1 немесе 2 қосымшаларында белгіленген нысан бойынша толтырылған екі мәміле паспортын;

  2. келісім-шарттың түпнұсқасын немесе оның куәландырылған көшірмесін.

    Ережеде мәміле паспортын келісім-шарттың барлық тарабының қолдары мен мөрлері болған кезде мәміле паспорты жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде келісім-шарттың түпнұсқасын немесе нотариуста куәландырылған көшірмесін бере отырып, факсимильді көшірменің негізінде ресімдеуге болады.

    «АТФБанк» АҚ экспортер немесе импортер жоғарыда аталған құжаттарды берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мәміле паспортында көрсетілген ақпараттың келісім-шарт талаптарына сәйкестігін тексереді және мәміле паспортына қол қояды.

    «АТФБанк» АҚ клиенттің қалауы бойынша мәміле паспортын жедел түрде тексеріп, қол қояды, мәміле паспортын ресімдеу қызметін көрсетеді.

    Мәміле паспортын тексергені немесе ресімдегені үшін «АТФБанк» АҚ бекітілген, «АТФБанк» АҚ көрсететін қызметтерге арналған комиссиялық сыйақы тарифтеріне сәйкес комиссия алады.

    «АТФБанк» АҚ өз клиенттеріне Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы мәселелеріне қатысты тегін кеңес береді.

Келесі талаптардың кемінде біреуінің болуы «АТФБанк» АҚ үшін мәміле паспортын рәсімдеуден бас тартуға негіз болады:
  1. экспорттаушы немесе импорттаушы мәміле паспортын ресімдеу талаптарын бұзып толтырған, соның ішінде экспорттаушының немесе импорттаушының мәміле паспортында көрсеткен ақпараты келісім-шарттағы ақпаратқа сәйкес келмеген;

  2. келісім-шартта Қазақстан Республикасының валюталық заңнама талаптарына қайшы келетін талаптардың болуы, соның ішінде келісім-шартта бейрезиденттің міндеттемелерін орындау мерзімінің болмауы;

  3. экспорттаушының немесе импорттаушының қолы және (немесе) мөрі экспорттаушының немесе импорттаушының банктік шоты бойынша бірінші қол қою құқығы бар тұлғалардың қойған қол үлгілері бар құжаттағы қол мен мөрдің үлгісіне сәйкес келмеген және (немесе) экспорттаушының немесе импорттаушының уәкілетті банкте банктік шотының болмауы.