2424
8 8000 800 283

Аударым операциялары

Ақшалай есеп айырысуды қолма-қол
ақшаларды пайдаланбай жүргізуді қалайсыз ба?
АТФБанктің транзакциялық операцияларын пайдаланыңыз.
АТФБанк банктік шоттар бойынша төмендегідей аударымдармен байланысты қызметтердің барлық түрлерін көрсетеді:
  • Теңге/шетел валютасындағы аударымдар.
  • Төмен тариф, төлемдерді жедел есепке алу және жіберу.
  • Бюджетке жасалатын төлемдер, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар.
  • Банктегі клиенттің шоттарына, басқа банктегі клиенттің шотына ақшаларды есепке алу.
  • Клиенттер - Банкте банктік шоттары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың төлем тапсырмаларын орындау.
  • Қызметкерлердің жалақысын жеке және карточкалық шоттарға аудару.
  • Шетел валютасындағы пайданы шотқа есепке алу, шетел валютасындағы халықаралық аударымдар.
  • АТФБанкте шоттары бар компания бөлімшелері немесе серіктестер арасында төлемдерді тегін және жеделдетілген түрде жүргізу мүмкіндігі (банкішілік төлемдер).
  • Барынша төмен тариф бойынша алдағы валюталау күнімен төлемдер жүргізу.

Банктік шотты тікелей дебеттеу

Шот иесінің тапсырмасы бойынша Банк «АТФБанк» АҚ және өзге де банк клиенттерінің пайдасына қолма-қол ақшасыз аударымды жүзеге асыратын төлем әдісі.

Тікелей дебеттеу – тұрақты қызмет жеткізілімдері мен жеке және заңды тұлғалардың белгілі бір ортасына тұрақты жеткізушілердің жеткізетін тауарлары үшін төлем жасау кезінде клиенттерге аса қолайлы болатын қызмет. Клиенттің тапсырмасы бойынша Банк төлемді/аударымды белгілі бір мерзімде жүзеге асыра алады (күн сайын, апта сайын, ай сайын), мысалы белгілі бір серіктестер, жеткізушілерге белгіленген сомада жалға алу, коммуналдық қызметтер немесе байланыс қызметі үшін төлем жасау.

Банкте жүргізілген операциялар бойынша есеп ала отырып, төлем құжаттары үшін төлем жасаудың түрлі ұзақ мерзімді тапсырмаларын құру мүмкіндігі қарастырылған.

Ірі сомаларды сәйкестендіру

АТФБанк ірі сомаларды есептен шығаруды құпия сөз арқылы жүргізетін төлем әдісі.

Банктік шот бойынша қолма-қол ақшамен, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз жасалатын барлық шығыс операциялары сәйкестендіріледі. KZT 23 млн. (шетел валютасындағы шоттар үшін баламасы USD 200 мың болады) астам соманы сәйкестендіру құпия сөз арқылы жүзеге асырылады.

Интернет-банкинг

Кеңседен шықпастан Интернет-банкинг жүйесінің көмегімен аударымдар жасаудың заманауи технологиялары. Өз қаржыңызды online басқарыңыз! Толығырық