2424
8 8000 800 283

Сейфте сақтау

«АТФБанк» АҚ бағалы қағаздарды, құжаттарды, іскерлік хат-хабарларды, зергерлік бұйымдарды, өнер туындыларын және басқаларын сақтау үшін жеке банктік сейф ұяшықтарын жалға береді.

Қабылданбайтын заттар: уытты, радиоактивті, жарылғыш, есірткі, жылдам тұтанатын заттар, қару-жарақ және азаматтық айналымнан шығарылған басқа да заттар.

«АТФБанк» АҚ Сіздерге 100% сақтау, қолайлылық және қауіпсіз пайдалану кепілдігін береді. Сейфтер арнайы жасақталған сақтау орындарында орналасқан. «АТФБанк» АҚ депозитарилері сертификатталған және еуропалық стандарт талаптарына сәкес келеді.

Жеке сейфтер Сіздің алдыңызда жаңа мүмкіндіктер ашады:
  • Жалға алушыға қолданыстағы заңнама талаптарын ескере отырып толық құпиялыққа кепілдік беріледі;

  • Сейфтегі заттарды мұраға қалдыруға болады;

  • Жалға алушы сейфке кірудің ерекше талаптарын рәсімдей отырып, жылжымайтын мүлік, вексельдер және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелерін жүргізе алады;

  • Сейфті жалға алған кезде Жалға алушыға ақша купюраларын қайта санау және тексеру қызметі көрсетіледі.