2424
8 8000 800 283

Ақша ағымын басқару

Клиенттің бас офисінің базалық шотынан техникалық овердрафттар беру арқылы филиалдардың шоттарын басқару. Белгіленген лимит аясында «АТФБанк» АҚ операциялық күн аяқталғанға дейін қызыл сальдо жүргізеді, ал күн аяқталған кезде аймақтық бөлімшелердің шоттарында пайда болған теріс қалдықты клиенттің бас офисінің базалық шотынан жабады.

Бұл өнім клиенттердің өз бөлімшелерінің жұмысына алаңдамауға және жұмыс күнінің соңына дейін өз қаражатын жұмсамауға мүмкіндік береді, ол үшін барлық жұмысты банк өз қаражаты есебінен (техникалық овердрафт) жүргізеді.

Бұл қызметті көрсеткен кезде клиент не сақтандыру депозитін ашады немесе овердрафт беріледі, егер операциялық күнді жапқан кезде клиент бөлімшелерінің шоттары бойынша техникалық овердрафтарды жабу үшін оның негізгі шотындағы қалдық жеткіліксіз болса, «АТФБанк» АҚ-тың осы сақтандыру депозитінен ақшаны есептен шығаруға құқығы бар

«Cash Pooling» өнімінің негізгі артықшылықтары:
  • Компаниялар тобының шоғырландырылған қаражатын басқаруды оңтайландыру есебінен қосымша кірістер алу;
  • айналымдағы активтерді жедел басқару;
  • кассалық айырмашылық проблемаларын шешу (қызыл сальдо);
  • қосымша қаржыландыру қажеттілігін қысқарту;
  • пайыздық кірістерді/шығыстарды оңтайландыру;
  • операциялық шығыстарды төмендету.