2424
8 8000 800 283



"АТФБанк" АҚ 1997 жылғы тамыздан бастап бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тіркеу және есепке алу, құжатамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу бойынша кәсіптік қызмет көрсетеді.

"АТФБанк" АҚ кастодиан Банк бола отырып, клиенттердің бағалы қағаздары мен ақшалай қаражатын есепке алу қызметін көрсету аясында келесі қызметтерді орындайды:

  • Өз клиенттерінің бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелердің орындалуын бақылау;
  • Бағалы қағаздар бойынша құқықтардың тіркелуін және есепке алынуын , клиенттердің құжаттамалық бағалы қағаздарының сақталуын және ақшасының есепке алынуын қамтамасыз ету;
  • атаулы бағалы қағаздарды есепке алу;
  • бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы қызметін атқару;
  • клиенттердің бағалы қағаздарымен мәмілелер бойынша төлем агентінің қызметін орындау;
  • клиенттердің бағалы қағаздары мен ақшалай қаражаттарын аудару және алу жөніндегі бұйрықтарды орындау;
  • Бағалы қағаздар бойынша кіріс көру және оларды клиенттердің шоттарына түсіру;
  • Ақпаратты эмитенттен клиенттерге жеткізу;
  • клиенттердің бұйрықтары бойынша ақша қаражатын төлеу.

Банк номиналды ұстаушыларға, брокерлер мен дилерлерге және инчестициялық қоржынды басқарушыларға кастодиалды қызметтерді көрсетеді. Банк Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығының кәсіби емес қатышуларына кастодиалды қызметтерді көрсетпейді

Құжаттар, тарифтер, шарттар