2424
8 8000 800 283

Жалақы жобасы

Дұрыс таңдау – Сенімді болашақ!

«АТФБанк» АҚ Жалақы жобасы - VISA International және MasterCard International халықаралық төлем жүйелерінің төлем карточкалары көмегімен жалақы аударудың, сақтаудың және алудың қолайлы әрі сенімді тәсілі.

Компания үшін артықшылықтар:
  • Компания қызметінің ерекшелігіне және қажеттіліктеріне қарай арнайы корпоративтік ұсыныс
  • «MultiCash» арнайы қауіпсіз бағдарламалық қамсыздандырудың көмегімен жалақы есептеулерін басқару.
  • Компания аумағында банкоматтар орнату, карталар беру, кредиттер мен басқа да арнайы банк өнімдерін рәсімдеу (компанияның қалауы бойынша).
  • Қолма-қол ақша алу, тасымалдау және сақтау шығындарын қысқарту;
  • ҚР кез келген аймағында (бас офис, филиал, өкілеттік) қызметкерлерге жалақыны орталықтан төлеу;
  • Демалыс күннің ақшасын, іссапарға төлетенін аванстарды карточка арқылы төлеу;
  • Ұйымның бухгалтериясы мен кассасының жұмыс уақытын босату;
  • Жалақы төлеу барысын автоматтандыру;
  • Ұйым қызметкерлерінің жалақы сомасы туралы мәліметтердің құпиялылығы;
  • Жалақы карточкаларын ашуға және қызмет көрсетуге арналған икемді тарифтер;
  • Ұйым қызметкерлеріне материалдық қолдау көрсету (кредиттер, жеңілдіктер);


Компания қызметкерлері үшін артықшылықтар
  • Кредит өнімдері бойынша жеңілдікті мөлшерлемелер – сыйақы мөлшерлемелері қалыптыдан төмен;
  • Жұмыстан қол үзбей Кредит алу – Банк қызметкерінің өзі Сіздің офиске келіп, қажетті құжаттарды ресімдеуге көмектеседі;
  • Интернет-банкинг және SMS-хабарламалар арқылы шығындарды бақылау мүмкіндігі
  • Отбасы мүшелеріне, достарына қосымша карточкалар рәсімдеу мүмкіндігі;
  • Төлем карточкалары бойынша қосымша қызметтердің кең спектрі;
  • АТФБанктің кез келген банкоматынан немесе филиалында қолайлы уақытта жалақы алу мүмкіндігі;
  • Қазақстандағы, сондай-ақ шетелдегі сауда және сервис кәсіпорындарында тауарлар мен қызметтердің ақшасын карточкамен төлеу мүмкіндігі;
  • жүргізілген операциялар бойынша АТФБанк офистерінен үзінді көшірме немесе банкоматтарынан шағын үзінді көшірме ала отырып, ақша қаражатының жұмсалуын бақылау;
  • Әмиянды ұрлап кеткен немесе жоғалтып алған жағдайда ақша қаражатынан айырылудан сенімді қорғаныш;
  • Тәуліктің кез келген уақытында мобильді байланыс және Alma-TV операторларының қызметін төлеу мүмкіндігі;
  • Тәуліктің кез келген уақытында ақшаны карточкадан карточкаға аудару, алушы Қазақстан аумағында, сондай-ақ шетелде болуы мүмкін;
«Жалақы жобасының» қызметін пайдалану үшін Сізге мыналар қажет:
  • Ақша қаражатын аудару туралы шарт жасау үшін құжаттар пакетін беру (құжаттардың толық тізбесін кеңесшіңіз береді). Сіздің ұйымыңыздың АТФБанкте есеп айырысу шоты бар болса, сізге онда Банкпен ақша қаражатын аудару туралы шарт жасау жеткілікті (құрылтай құжаттарын берудің керегі жоқ).
  • Ақша қаражатын аудару туралы шартқа қол қою (банк белгілеген нысан бойынша).
  • Қызметкерлердің ағымдағы шоттарын ашу үшін құжаттар пакетін беру (толық тізбесін кеңесшіңіз береді):
    —ЖСН міндетті түрде көрсете отырып, қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін
  • Шартқа қол қойылғаннан кейін Банк қажетті шоттар ашады, пластик карталар әзірлейді және оларды қызметкерлерге береді.
  • Сіздің ұйымыңыз ай сайын жиынтық төлем тапсырмамен төленетін жалпы соманы аударатын болады.
  • Банк қаражатты алып, берілген тізілімге және электрондық файлға сәйкес (банк белгілеген бағам бойынша)оларды қысқа мерзімде қызметкерлердің Ағымдағы шоттарына түсіреді.
  • Сіздің ұйымыңыздың АТФБанкте есеп айырысу шоты болмаса және электрондық құжат айналымын қалайтын болсаңыз, жеке келісім жасауға болады (ол үшін не істеу керегін кеңесшіңіз айтады).

ЖАЛАҚЫ ЖОБАСЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ПАКЕТІ

Компанияға арналған құжаттар пакеті:
  • ЗТ/ЖК қызметкерлеріне жалақы және өзге де төлемдерді төлеу тәртібі туралы шарт Қосымшаларымен;
  • Банктік шот шарты және банктік шот ашуға арналған өтініш;
  • Ақпарат парағы;
  • Компания қызметкерлерінің тізімі;

Компанияның әр қызметкеріне арналған құжаттар пакеті:
  • ЖСН-мен жеке куәлік (көшірмесі);
  • Клиенттің – жеке тұлғаның (компания қызметкерінің) сауалнамасы;
  • Ағымдағы банктік шот ашу және Visa International/Master Card Worldwide халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкасын шығару туралы шарт; Кредит бюросынан кредиттік есепті беруге берілген келісімнің және ЗТМО-дан ақпарат алуға арналған өтініштің үлгі нысаны;
  • Қойылған қол үлгілері бар құжат.