2424
8 8000 800 283

Эквайринг (POS-терминалдар)

«АТФБанк» АҚ эквайрингтік шешімі сауда және сервис
орындарында Жанаспайтын POS-терминалдарда төлем
карталарына қызмет көрсету үшін қолайлы әрі тиімді
болып табылады!
Эквайринг – Сіз үшін Visa International, MasterСard Worldwide халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларымен, сондай-ақ ҚР және бүкіл әлемнің барлық банктерінің Visa және MasterCard логотиптері бар карточкаларын ұстаушылардан тауарлар мен қызметтердің ақысын қабылдау мүмкіндігі.

Артықшылықтары
  • Сауда жасау үшін төлем карточкасын пайдаланатын адамдар қолма-қол ақшамен есеп айырысатындарға қарағанда көбірек сауда жасайды
  • Қолма-қол купюраларды инкассациялауға кететін шығыстарды төмендетесіз
  • Сізге сауда жасау үшін кредит карточкаларын пайдаланатын жаңа сатып алушылар ағылады
  • Кәсіпорныңыз АТФБанктің төлем карточкалары көмегімен сатылым көлемін арттыруға бағытталған жарнама науқанына қатысу мүмкіндігін алады
  • Төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету Сіз үшін тауарлар мен қызметтерді сатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, Сіздің кәсіпорныңыздың нарықтағы тұрақты және сенімді ұстанымын көрсетеді.

АТФБанктен не ала аласыз?
  • Сымсыз POS-терминалдар, олар кассадағы орынды үнемдеуге мүмкіндік береді, клиентке байланыстың үздік сапасын және қосымша қолайлылықты қамтамасыз етеді.
  • Төлем карточкаларын қабылдау жабдықтарын (POS-терминал немесе импринтер) тегін орнату
  • Қызметкерлеріңізге төлем карточкаларын қабылдау және қызмет көрсетуді тегін үйрету
  • Шығыс материалдарымен қамтамасыз ету (POS-терминалға арналған жапсырма, лента, слиптер)
  • Жабдыққа тұрақты сервистік қызмет көрсету
  • Сауда және сервис кәсіпорындары үшін эквайринг тарифтерін автоматты түрде қолдану

Бар болғаны бірнеше қадам жасаңыз
  1. Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз
  2. Сұратылған құжаттар пакетін беріңіз
  3. Есеп айырысу шотын ашыңыз
  4. POS-терминал орнатуға арналған шартқа қол қойыңыз
  5. 5 жұмыс күні ішінде орнатуын күтіңіз


Қолайлылықты таңдаңыз! АТФБанкті таңдаңыз!

Тарифтер

POS/mPOS-терминалдар немесе Интернет-дүкендер арқылы карточкалық операциялар жүргізу кезінде төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету бойынша ынтымақтастық туралы шарттарға жалпы талаптар