2424
8 8000 800 283
Қарыз алушы* Өнімдерді экспорттайтын және/немесе экспорттық мәмілелерді жасайтын заңды тұлға, Қазақстан Республикасының резиденті

*бұл ретте қарыз алушы міндетті түрде өз өнімін шығаруы тиіс
Кредиттің максималды сомасы Қарыз алушының экспорттық келісімшарты сомасынан 90% аспайды, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ коэффиценттері бойынша әр қарыз алушы үшін жеке есептеледі,

Кредиттің максималды сомасын есептеу бойынша коэффиценттер импорттаушы елге байланысты
Валюта тенге
Кредит мерзімі 12 айға дейін
Кредит мақсаты Экспорттық өнімдерді шығару және/немесе қызмет көрсету мақсаттары үшін айналымдағы қаражатты толтыру
Сыйақы мөлшерлемесі Әр қарыз алушы үшін жеке есептеледі және ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне байланысты болады
Қамтамасыз ету Банктің кепілді саясатына сәйкес
Комиссиялар Банк тарифтеріне сәйкес
Нақты ақпаратпен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ сайтынан таныса аласыз http://keg.kz/
Экспорттау алдында қаржыландыру бағдарламасы аясында кредит алу тәртібі:
  • Қарыз алушы «KazakhExport»-қа Бағдарламаға қатысу шарттары бойынша бірінші кеңес алады;

  • Қарыз алушы кредит сомасын көрсете отырып және экспорттық келісімшарттың көшірмесін тіркей отырып, «KazakhExport»-қа экспорттық келісімшартты сақтандыру туралы өтініш береді;

  • «KazakhExport» Қарыз алушының өтінішін қарау нәтижесі бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, «KazakhExport» және Қарыз алушы арасында Экспорттық келісімшартты сақтандыру шарты жасалады;

  • Қарыз алушы Банкке Бағдарлама аясында кредит беру туралы өтініш береді;

  • Банк Қарыз алушыға кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, Банк «KazakhExport»-қа оң шешім туралы хабарлама жібереді;

  • Банк Қарыз алушымен Қарыз шартын жасайды, осыдан кейін «KazakhExport»-қа қаражат беру туралы өтінішті Қарыз алушыға одан кейін кредит беру үшін жібереді;

  • «KazakhExport» Банкке ақша қаражатын беру бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, «KazakhExport» Банкке ақша қаражатын береді, солардың есебінен Банк Қарыз алушыға кредит береді.