2424
8 8000 800 283

Дочерние и зависимые организации

«Төбет Group» ЖШС

Банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін өркениетті пайдалануды қалайтын ықтимал клиенттердің көбеюін ескере отырып, қолма-қол ақшаны тасымалдауға қатысты өз тәуекелдерін төмендету үшін 2007 жылы «АТФБанк» АҚ «Төбет Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды, ол екінші деңгейдегі банктерге, әр түрлі меншік құқығындағы ұйымдарға, сондай-ақ жеке тұлғаларға банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау бойынша қызмет көрсетеді.

«Төбет Group» ЖШС өз клиенттеріне келесі қызметтер түрін ұсынады:

  • Ақшалай түсімі бар сөмкені инкассациялау және оны әрі қарай қайта есептеу үшін банкке жеткізу;
  • материалдық жауапты тұлғамен ілесіп жүру;
  • Екінші деңгейдегі банктердің операциялық кассаларына қосымша нығайтуды жеткізу;
  • Екінші деңгейдегі банктердің облыстық филиалдарына қосымша нығайтуды жеткізу;
  • Қазақстан бойынша заңды тұлғалардың филиалдарына қолма-қол ақшаны жеткізу;
  • Клиенттің «Шаруашылық органдарынан» ақшалай түсімі бар сөмкесін инкассациялау және оларды клиенттің орталық кассасына өткізу;
  • Қолма-қол ақшасы бар сөмкелерді арнайы жабдықталған қоймада жауапты сақтау және оларды әрі қарай клиентке жеткізу.

Сіз толық ақпаратты келесі мекен-жайға хабарласу арқылы біле аласыз:

050034, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Федоров к-сі, 12 «Г»
Тел: +7 (727) 357 24 25, 357 24 26, 357 24 27




«АТФБАНК» АҚ-ТЫҢ ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ЕНШІЛЕС БАНКІ

«Оптима Банк» АҚ 1992 жылы 7 мамырда құрылған. Бастапқыда ол «Қырғызұсақбизнесбанкі» Кәсіпкерлікке ықпал етуші қырғыз коммерциялық банкі деп аталды. 1993 жылы банк атауы «Кыргызэнергобанк» АБ Энергетиканы дамыту және қайта құру Қырғыз коммерциялық банкі деген атауға өзгертілді. 2001 жылғы маусымда "Кыргызэнергобанк" АБ «Энергобанк» ААҚ деп өзгертілді.

2006 жылғы 14 желтоқсанда акционерлерінің кезектен тыс жиналысының шешімімен «Энергобанк» ААҚ «АТФБанк – Қырғызстан» ААҚ-қа өзгертілді. 2010 жылы ірі еуропалық қаржы институты UniCredit тобы Қазақстандағы «АТФБанк» АҚ бас компаниясын сатып алғаннан кейін, ҚР-дағы Банк «ЮниКредит Банк» ААҚ деп атала бастады. Осы жылдары Банк бизнесті жүргізудің, әлемдік деңгейде клиенттерге қызмет көрсету сапасының, клиенттік қанағатанудың тұрақты мониторингі тәжірибесінің еуропалық стандарттарын енгізді. Барлық еуропалық стандарттар және жаңаша тәжірибелер мен технологиялар 2013 жылы акционер ауысқан кезде сақталды. 2013ж. 2 мамырда «KNG Finance» қаржы холдингі және UniCredit Bank Austria қазақстандық «АТФБанк» АҚ-тың (Қырғызстандағы «ЮниКредит Банк» ААҚ-тың бас компаниясы) 99,75%-ға тең үлесін сатып алу-сату бойынша мәміленің аяқталғандығы туралы жариялады. 2013 жылғы қыркүйекте Банк Optima Bank жаңа прогрессивті брендпен өз жұмысын жалғастырды.

Банк өз қызметін 2013 жылғы 16 тамыздағы № 018 и № 018/1 Қырғыз Республикасы Ұлттық банкінің ұлттық және шетел валютасындағы банктік операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияларына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

20 жылдан астам белсенді әрі тұрақты жұмысы кезінде Банк Қырғыз Республикасының банктік жүйесінің көшбасшылар үштігіне нық сеніммен енді және өз клиенттері мен акционерлерінің мүдделерін сақтайтын ең қарқынды дамушы Банк, сенімді серіктес, беделіне ие болды. Банк бірнеше мәрте «Қырғызстанның ең үздік Банкі», «Үздік Листингтік Банк» және «Жыл эмитенті» номинацияларында көшбасшы деп танылды.

Банк өзінің филиалдар желісін белсенді түрде кеңейтіп келеді және бүгінгі таңда ол Қырғыз Республикасының барлық дерлік аймағында орналасқан, 1000-ға жуық адам жұмыс істейтін 43 бөлімшемен танылады.

Рұқсат етілген банктік операциялар тізімі:
  • Салымшымен келісілген талаптарды өз атынан депозиттерді тарту;
  • Қарыз алушымен келісілген талаптарда өз атынан меншікті немесе тартылған қаржыларды орналастыру;
  • Азаматтар мен заңды тұлғаларға шот ашу және жүргізу;
  • Корреспонденттік қарым-қатынастарды өз бетінше белгілеу;
  • Клиенттер мен корреспондент-банктердің тапсыруы бойынша есеп айырысуларды және оларға кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
  • Төлем құжаттарын (чектерді, аккредитивтерді, вексельдерді және басқа құжаттарды), соның ішінде кредиттік және төлем карточкаларын шығару, сатып алу, төлеу, сақтау және растау;
  • Борыштық міндеттемелерді сатып алу және сату (факторинг) және жай және аудармалы вексельдерді есепке алу (форфейтинг);
  • Борыштық бағалы қағаздарды беру (депозиттік сертификаттар, облигациялар, жай вексельдер);
  • Банктік кепілдіктерді жүзеге асыру;
  • Клиенттің атынан қолма-қол және қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және сату;
  • Туынды қаржы институттарымен операцияларды (деривативтерді) жүзеге асыру.

«Оптима Банк» ААҚ халықаралық стандарттарға толық сәйкестікте, жоғары деңгейдегі банктік қызметтердің кең спектрін ұсынады.

«Оптима Банк» ААҚ туралы толық ақпаратты www.optimabank.kg сілтемесі бойынша таба аласыздар