2424
8 8000 800 283

Тарихы

"АТФБанк" Акционерлік қоғамы 1995 жылдың маусым айында құрылған, ол кезде ҚР Ұлттық Банкі оны "Алматы сауда-қаржы банкі" ЖАҚ ретінде тіркеген. Сол жылы АТФБанк Қазақстанның банктік заңнамасында қарастырылған теңгеде және шетел валютасында операциялар жүргізу бойынша ҚР ҰБ №59 Бас лицензиясына ие болады. 2001 жылы "Алматы сауда-қаржы банкі" Ашық акционерлік қоғамы, ал 2002 жылдың маусым айында – "АТФБанк" Ашық акционерлік қоғамы тіркелген. 2003 жылдың қазан айында банк "АТФБанк" АҚ ретінде қайта тіркелген.


Негізгі тарихи кезеңдер:

2018

  • 2018 жылдың қорытындылары бойынша АТФБанк негізгі көрсеткіштер бойынша өзінің нарықтық позицияларын жақсартты. Активтер бойынша – нарықта 7-ші позиция (+1 позиция), кредиттік портфель бойынша – 6-шы позиция (+1), жалпы депозиттік портфель бойынша – 6-шы позиция (+2), соның ішінде депозиттік портфель бойынша – нарықта 3-ші орын (+3);
  • Fitch Ratings ұлттық және шетел валютасында «В» деңгейінде эмитент дефолтының ұзақмерзімді рейтингісін, ұлттық шкала бойынша BB+(kaz) деңгейінде ұзақмерзімді рейтингісін белгіледі;
  • S&P Global Ratings «В» деңгейінде ұзақмерзімді және қысқамерзімді кредит рейтингілерін, қазақстандық ұлттық шкала бойынша kzBB+ деңгейінде ұзақмерзімді рейтингісін белгіледі;
  • Moody’s Investors Service B3 деңгейіндегі ұзақмерзімді депозиттік рейтинг белгіледі;
  • АТФБанк International Finance басылымының Most Innovative Private Bank – Kazakhstan 2018 (Ең инновациялық жеке банк – Қазақстан 2018) наградасына ие болды;
  • АТФБанк Most Innovative Banks номинациясында наградаға ие болды: SME Banking Club тұжырымы бойынша ТМД және Кавказ елдеріндегі ШОБ саласындағы инновациялық банктер;
  • АТФБанк VISA ХТЖ жаңа дебиттік өнімдерін табысты түрде енгізгені үшін наградаға ие болды;
  • Сондай-ақ VISA ХТЖ АТФБанкті APPLE-ді сәтті түрде енгізгені үшін марапаттады;
  • ШОБ сегментінде АТФБанк субсилияланған жобалардың көлемі мен санына қарай ЕДБ арасында 4-ші орынға ие болды;
  • АТФБанк "Даму Өңірлер ІІІ" бағдарламасының қаражатын игеру жөнінен көшбасшыға айналды және бағдарлама бойынша барынша қомақты қаржыны игерген банк ретінде "Даму" КДҚ» АҚ-тың "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша "Халық сенімі" нагдарасын иеленді;
  • АТФБанк "Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар" БҰҰДБ бірлесе отырып, Даму бағдарламасы бойынша барынша көп жобаға қол қойған банк ретінде "Ең экологиялық банк" номинациясында жеңімпаз болды.
2017

  • Moody’s Investors Service «АТФБанк» АҚ-тың теңгедегі және шетел валютасындағы ұзақмерзімді депозиттік рейтингісін В3 деңгейіне дейін арттырды, болжам «тұрақты»;
  • Fitch Ratings (бұдан әрі – Fitch) рейтинг агенттігі «АТФБанк» АҚ-тың шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақмерзімді рейтингін «В» деңгейіне дейін көтерді, болжам «Тұрақты»;
  • S&P Global Ratings рейтинг агенттігі АТФБанкке «В» деңгейінде ұзақмерзімді және қысқамерзімді кредит рейтингілерін растады, болжам «келеңсіз»;
  • АТФБанк ҚР Ұлттық Банкі әзірлеген Қазақстан Республикасы банк секторының қаржы тұрақтылығын арттыру бағдарламасының қатысушысы болды;
  • Банк «Global Banking & Finance Review» (Ұлыбритания) қаржы басылымының «Қазақстандағы Private Banking сегментінің ең үздік банкі, 2017» («Best Private Bank in Kazakhstan, 2017») беделді сыйлығына ие болды;
  • АТФБанк төлем карталары индустриясының PCI DSS 3.2. (Payment Card Industry Data Security Standard) ақпаратты қорғау жөніндегі халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне қатысты сертификаттау процедурасынан табысты түрде өту арқылы көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне ие екендігін тағы да дәлелдеді. Қорытынды сертификаттық аудит АТФБанк инфрақұрылымының халықаралық төлем жүйелерімен жұмыс кезінде банктің ақпараттық жүйелерінде төлем карталарын ұстаушылар туралы деректерді өңдеу, сақтау, беру саласындағы дүниежүзілік ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толықтай сәкес екендігін көрсетті;
  • АТФБанк шығаратын «Service Quality» корпоративтік журналы «PR-шы» PR –профессионалдары Клубының оныншы мерейтойлық Орталық Азия Корпоративтік БАҚ -2017 Байқауының қорытындылары бойынша үздік ішкі корпоративтік журнал болып танылды. Байқау XIII халықаралық PR – форумның аясында өтті.

2016

  • 2016 жылдың қорытындылары бойынша АТФБанк активтер бойынша 5-ші орын және депозиттік портфель мөлшері бойынша 5-ші орын, қазақстандық банктер ішінде кредиттік портфель бойынша 8-ші орынды иеленді. Жыл қорытындысы бойынша таза пайда 4,8 млрд теңгені құрады;
  • АТФБанк The Financial Times Ltd. басылымының The Banker беделді журналының нұсқауы бойынша Қазақстандағы «Жыл Банкі» атанды;
  • Банк өз қызметі туралы ақпаратты жариялауда барынша жоғары ақпараттық белсенділігі және танытқан бастамашылығы үшін Қазақстан қор биржасының «Айқындылыққа ұмтылысы үшін» дипломын иеленді, ол қаржылық сектордағы листнингтік компаниялар тобында бағалы қағаздар нарығындағы іскерлік қызметтің ең үздік үлгілерінің бірі болып табылады;
  • Банк 2016 жылы сыйлықақылы өнімдерді табысты түрде әзірлегені үшін Visa халықаралық төлем жүйесінің марапатына ұсынылды.

2015

  • 2015-ші жыл «АТФБанк» АҚ үшін мерейтой жылы болды. Банк қазақстандық нарықтағы жұмысының 20-жылдығын атап өтті;
  • Тұрақты түрде дамуының арқасында «АТФБанк» АҚ сенімді түрде Қазақстанның ең ірі банктерінің құрамына кірді және активтер, кредиттік және депозиттік портфельдерінің көлеміне қарай 7-ші орынды иеленді;
  • «АТФБанк» АҚ The Business Year» журналының тұжырымы бойынша Қазақстандағы «The bank of the Year» Жыл банкі болып танылды;
  • «АТФБанк» АҚ «Кепілдендіру бағдарламасы аясындағы үздік дебют» номинациясында «ДАМУ» Қорының наградасына ие болды;
  • «АТФБанк» АҚ VbV Dynamic Authentication жобасын табысты түрде енгізгені үшін VISA-ның наградасын иеленді.

2014

  • АТФБанк «The Banker» және «PWM» журналдарының пікірі бойынша Қазақстандағы Private banking сегментінің ең үздік банкі - «Best Private Bank in Kazakhstan» («Қазақстандағы Private Banking сегментінің ең үздік Банк») деп танылды.

2013

  • 2013 жылғы 2 мамырда «КазНитрогенГаз» ЖШС және UniCredit Bank Austria ЖШС қазақстандық «АТФБанк» АҚ-тағы 99,75% үлесін сатып алу-сату бойынша мәміленің аяқталғандығы туралы хабарлады. Мәміленің жалпы сомасы шамамен АТФБанк Тобының меншікті капиталы көлемін құрайды. Мәмілені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2013 жылғы 29 наурызда мақұлдады.

2011

  • 2011 жылғы 16 қыркүйекте «АТФБанк» АҚ-қа тиесілі «Банк Сибирь» ЖАҚ акцияларының 100 % -ын «ЮниКредит Банк» ЖАҚ-қа сату бойынша мәміле аяқталды.

2007

  • 2007 жылғы 21 маусымда Bank Austria-Creditanstalt AG (UniCredit Group-тың Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық банктік операцияларға арналған бөлімшесі) және "АТФБанк" АҚ-тың жеке акционерлері АТФБанк акцияларының мажоритарлық пакетін сатып алу жөніндегі келісімге қол қойды.

2006

  • «EUROMONEY» алдыңғы қатарлы дүние жүзілік қаржы басылымы АТФБанкке «Еуропаның дамушы елдері арасында корпоративтік басқару саласындағы ең үздік банк» атағын берді;
  • Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық Лигасы 2005 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша Қазақстанның мінсіз бизнес кәсіпорындары қауымдастығының мүшесі – АТФБанкті «Мінсіз» Халықтық Сапа белгісімен және «Қазақстанның шағын және орта бизнесін дамытуға ықпал еткені үшін» сертификатымен марапаттады.

2005

  • «EUROMONEY» алдыңғы қатарлы дүние жүзілік қаржы басылымы АТФБанкті Қазақстан Республикасының корпоративтік басқару саласындағы көшбасшы қаржы институты және Қазақстанның шағын және бизнес үшін үздік банкі ретінде таныды;
  • «АТФБанк» АҚ «Сибирь» Банкі акцияларының 100 %-ын сатып алды;
  • «АТФБанк» АҚ-тың Мәскеуде (Ресей Федерациясы) Ресми өкілдігі ашылды;
  • АТФБанктің «Энергобанк» ААҚ (Қырғыз Республикасы) акцияларының жалпы алғанда 72,92%-ын сатып алу бойынша мәмілелер жасалды.

2004

  • Банк жаңадан позицияланды: «АТФБанк – сенімді өркендеу банкі!»;
  • «АТФБанк» АҚ «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС құрылтайшыларының біріне айналды;
  • АТФБанк «Отан» Ашық зейнетақы жинақтау қорының» негізгі акционерлерінің бірі болды;
  • АТФБанк 2004 жылғы 01 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заңнамада қарастырылған теңгедегі және шетел валютасындағы операцияларды жүргізу бойынша № 239 жаңа лицензиясын алды.

2003

  • «АТФБанк» АҚ-тың қайта тіркеуден өтуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заңнамада қарастырылған теңгедегі және шетел валютасындағы операцияларды жүргізу бойынша 08.12.2003ж. № 239 лицензиясы алынған;
  • "АТФБанк" АҚ өзіне "АТФБанк" Ашық акционерлік қоғамының еншілес банкі - Апогей" Банкін қосып алды.

2002

  • Банк атауы «Алматы сауда-қаржы банкі» Ашық акционерлік қоғамынан «АТФБанк» Ашық акционерлік қоғамы болып өзгерді;
  • «Апогей» Банкі акцияларының 88,15%-ын сатып алды;
  • Екінші эмиссияның тәртіптелген облигацияларын орналастыру есебінен Банктің жеке капиталы 2002 жылдың басындағы 4,5 млрд. теңгеден 5,9 млрд. теңгеге дейін артады;
  • VISA Virtuon виртуалды карточкаларын шығара бастайды;
  • Алматы сауда-қаржы банкі «Қазақстан Халық Жинақ банкі» акционерлерінің бірі болды.

2001

  • «Қазпромбанк» АҚ-тың Алматы сауда-қаржы банкіне қосылуын мемлекеттік тіркеу жүрзілген;
  • Қоғамның типін өзгерту: Банк «Алматы сауда-қаржы банкі» Ашық акционерлік қоғамына айналды.

2000

  • Көлемі USD 5 000 000 болатын атаулы купондық облигациялардың бірінші шығарылымын табысты түрде орналастырды.

1999

  • Жеке логотипімен VISA-Classic, VISA-Gold и VISA-Business халықаралық төлем карталарын шығара бастайды;
  • Western Union (АҚШ) компаниясымен бірлесіп дүние жүзінің 170 елінде банктік шоттар ашусыз жеке тұлғалардың тапсырмасы бойынша мерзімді ақша аударымдарын жүргізе бастайды;
  • Жеке логотипімен VISA-International халықаралық төлем жүйесінің төлем карталарын және Altyn жергілікті картасын шығара бастайды.

1998

  • Алматы сауда-қаржы банкі Германияның Қазақстан Республикасымен үкіметаралық қаржылық ынтымақтастығының аясында Германия кредит желісінің (Kreditanstalt fur Wiederaufbau - KfW) Қаржы операторы ретінде бекітілді.

1997

  • ҚР Ұлттық Банкі Алматы сауда-қаржы банкін халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін банктердің бірінші тобына енгізді.

1996

  • Алматы сауда-қаржы банкі Visa, EuroCard/MasterCard, Diners Club, JCB, American Express төлем карталарының қызметін бастады.

1995

  • ҚР Ұлттық Банкі «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ты тіркеуден өткізеді;
  • «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ Қазақстанның банктік заңнамасында қарастырылған теңгеде және шетел валютасында операциялар жүргізу бойынша ҚР ҰБ №59 Бас лицензиясын алды.