2424
8 8000 800 283

Корреспонденттік қарым-қатынастар

Дәстүр бойынша, "АТФБанк" АҚ-тың шет елдегі негізгі контрагенттері болып бүкіл әлем бойынша филиалдары мен еншілес банктері бар ірі трансұлттық банктер саналады, ол әлемнің кез келген жеріне төлем жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні «АТФБанк» АҚ корреспонденттік желісіне жақын және алыс шетелдің 150-ден астам банкі, атап айтқанда АҚШ, Австрия, Германия, Ресей және өзге елдердің жетекші банктері кіреді. Мынаны атап өту керек, яғни 2011 жылғы мамырдан бастап, «АТФБанк» АҚ клиенттері халықаралық есеп айырысуды қытай юанінде жүргізе алады. Корреспонденттік шоттар туралы толық ақпаратты төмендегі корреспондент-банктердің тізімінен толық біле аласыздар.

Корреспондент банктердің жөнге келтіріліген желісінің, «АТФБанк» АҚ-ның жоғарғы рейтингісінің, сондай-ақ батыстың бірінші класты банктерінің сауданы қаржыландыруға арналған кредиттік желілерінің болуының арқасында, «АТФБанк» АҚ төмендегілерді жүзеге асырады:

  • Халықаралық ақша аударымдары;
  • Барлық аккредитивтерді шығару, растау және авизолау;
  • Кепілдіктерді шығару, растау;
  • Клиенттердің инкассалық тапсырмаларын инкассоға қабылдау және авизолау;
  • аккредитивтер аясында кейінгі қаржыландыру.


Сіздің төлемдеріңіз өте қысқа мерзімде жүзеге асырылады, сіздің қаражаттарыңызды жоғары класты мамандары бақылайды.



cont-inn-check.png Корреспондент банктердің тізімі (ATFBank SSI List)
cont-inn-check.png 27.09.2018ж. Контрагент банктерге арналған базалық тарифтер