2424
8 8000 800 283

"АТФБанк" АҚ-тың Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау саясаты

АЖ/ТҚҚІ

"АТФБанк" АҚ (бұдан әрі - Банк) өздерінің Клиенттеріне операцияны жүргізудегі жылдамдық, қауіпсіздік және айқындылықты қамтамасыз етеді. Банк қаржылық мониторинг субъектісі ретінде Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға (бұдан әрі – АЖ/ТҚҚІ) қарсы іс-қимыл жасаудың құқықтық мехнаизмін құру арқылы азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін операциялардың заңды екендігіне көз жеткізуге міндетті.

АЖ/ТҚҚІ жүйесі Қазақстан Республикасының 28.08.2009 ж. «Қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» (бұдан әрі - АЖ/ТҚҚІ туралы заң) Заңы негізінде құрылған және қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша FATF (Financial Action Task Force on Money Laundering) халықаралық үкіметаралық ұйымының ұсыныстарына сәйкес әзірленген.

Банктің АЖ/ТҚҚІ бойынша күнделікті шаралары Клиент: оның өкілі, бенефицарлық меншік иесі, ақшаның туындау көзі, сонымен қатар Банктің өткізетін операциясы туралы ақпаратты сәйкестендіру мен жинаудан тұрады. Алынған мәліметтерді сақтау – 5 (бес) жылдан кем емес.

Бұл қызмет АЖ/ТҚҚІ туралы Заңға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар және қаржылық мониторинг субъектілері жүзеге асыратын ақша және (немесе) басқа да мүліктермен операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды жинау, өңдеу, талдау және пайдалану бойынша шаралар жиынтығы ретінде қаржылық мониторингтің бөлігі болып табылады.

Осыған байланысты, Клиент Банктің операциялардың заңды болуын тексеруге мүмкіндік беретін барлық қажетті ақпаратты беруі керек. Жеткіліксіз ақпарат берген жағдайда, Клиент қолма-қолсыз есеп айырысу бойынша операцияларды жүзеге асыруды, сонымен қатар қолма-қол ақшаны беруді кешіктіруі мүмкін.


ЖАУАПКЕРШІЛІК

Аталған талаптарды сақтамауы төлемді жүзеге асыруды кешіктіруден бастап, банктік шотты жабуға дейін, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылу сияқты айтарлықтай тәуекелдердің туындауына әкеледі.

Заң жүзінде қызмет көрсету мақсатында, Банк Клиенттерінен серіктестерімен келесі ақпараттық және іскерлік қауіпсіздік мәдениетін сақтауды сұрайды:

  • серіктестің тіркеу ақпаратының актуалды болуын тексеру, соның ішінде нақты және заңды мекенжайы, телефоны және электронлы мекенжайы;
  • серіктестік қызметі туралы ақпаратты иелену;
  • төлем мақсатын тексеруге және «делдалдықты» алып тастауға, Клиенттің қызметіне тікелей қатысты емес тауарларды/жұмысты/қызметті пайдаланумен операцияларды тексеруге;
  • төлем мақсатын максималды түрде нақты көрсетуге;
  • негізсіз ірі мөлшердегі ақша операцияларынан бас тартуға;
  • қолма-қол ақшаны алу қажеттілігін тек бірінші құжаттармен ғана емес, сондай-ақ осындай төлемдерді негіздейтін бизнесті жүргізу құрылымымен растауға;
  • уақтылы және толық көлемде салықтарды төлеуге;
  • шаруашылық қызмет түрлерінің тізімі кеңейген жағдайда, мемлекеттік базаларға өзгерістерді уақтылы енгізуге;
  • кәсіпкерлік қызмет үшін, сонымен қатар тауарларды/шикізатты сатып алу шарттары бойынша төлем жасау, жұмысқа/қызметке төлем жасау және т.б. үшін жеке банктік шоттарды және төлем карточкаларын пайдаланбауға.
  • Банктің сұратқан құжаттарын беруге. Қандайда бір сұратылатын құжат болмаған жағдайда, себебін түсіндіруге.
МАҢЫЗДЫ

Стандартты емес операцияны жүргізу қажеттілігі болған жағдайда, Клиент жеке басын куәландыратын құжатты және өзінің бизнес-профиліне, қызмет түрлеріне, құрылтайшы құжаттарына/лицензияларға сәйкес жоспарлайтын операциясының «табиғилығын» сонымен қатар операцияның Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігін растайтын басқа да құжаттарды алдын ала дайындау керек.