2424
8 8000 800 283

Руководство

"АТФБанк" АҚ Басқармасы жедел басқаруды жүзеге асырады және АТФБанктің стратегиялық жоспарларын іске асырады, 6 адамнан тұрады.

Сергей Коваленко Сергей Коваленко
"АТФБанк" АҚ Басқарма төрағасы.

Днепропетровск Ұлттық Университетін екі мамандық бойынша: "Физика" және "Банк ісі", Днепропетровск Экономика және Құқық институтын "Маркетинг" мамандығы бойынша, Халықаралық Менеджмент институтын (Киев) аяқтаған.

Сергей Юрьевич - маркетинг және сатылымдар саласында 14 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби менеджер. Маркетингтік стратегиялар, сатылымдар/дистрибуция жүйелерін жасау және енгізу, нарыққа жаңа брендтер шығару саласында қызмет атқарып келеді. Өзінің еңбек жолында сауда маркаларын нарыққа шығару және солар арқылы көшбасшылық позицияларды иелену бойынша бірқатар жобаларды табысты түрде жүзеге асырған.

2002 ж. бастап 2012 ж. аралығында "ЗИП" компаниясында (Украина) Маркетинг және сатылымдар жөніндегі директор;
2012 ж. бастап 2013 ж. аралығында "ИНДУИСТРИАЛБАНК" АКБ-да Маркетинг жөніндегі директор;
2014 ж. бастап - "Новая почта" компаниясында даму жөніндегі директор қызметтерін атқарған;
2015 ж. бастап - "АТФБанк" АҚ Басқарушы директоры;
2016 жылғы 11 тамыздан бастап - "АТФБанк" АҚ Атқарушы директор, Басқарма мүшесі;
2017 жылғы 21 сәуірден бастап - "АТФБанк" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі;
2019 жылғы 15 сәуірден бастап - "АТФБанк" АҚ Басқарма төрағасы.


Ермек Аргинов Ермек Аргинов
"АТФБанк" АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі
IT, қазынашылық, сатып алу басқармасы, сонымен қатар HR қызметін басқарады.

Солтүстік Қазақстан Университетін "Экономика және өндірісті басқару" мамандығы (Үздік Диплом) бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" стипендиясы бойынша Гамбург қ. Экономика және Саясат жоғары мектебін "Халықаралық іскерлік әкімшілендіру шебері" (Үздік диплом) біліктілігімен аяқтаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Халық Банкінің Петропавл қ. Облыстық филиалында аға оператор - бақылаушы қызметінен бастаған. Халық Банкінің Петропавл қ. Облыстық филиалында жұмыс істеген 1996 ж. бастап 1998 ж. аралығында кредит беру бағыты бойынша әртүрлі қызметтерді атқарған.

1996 - 1998 жж. - Халық Банкінің Петропавл қ. облыстық филиалында аға оператор – бақылаушы қызметінен бастаған. Халық Банкінің Петропавл қ. Облыстық филиалында жұмыс істеген кезеңде кредит беру және заңды тұлғаларға операциялық қызмет көрсету бағыты бойынша әртүрлі қызметтерді атқарған;
2000 ж. – "Deutsche Bank" Аутсорсингілік компаниясы (Гамбург қ., Германия), Бухгалтер;
2000 ж. – "Arthur Andersen" Консалтингілік және аудиторлық компаниясында (Гамбург қ., Германия) аудитор;
2000 – 2001 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Шағын бизнеске қолдау көрсету басқармасы бастығының орынбасары;
2001 – 2002 жж. – "Өңірлік технологиялық парк" МКК (Технопарк), Маман, Бастықтың орынбасары;
2002 - 2003 жж. - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Петропавл қ. Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының кредиттік басқармасының клиенттермен жұмыс бөлімінің бастығы, кредит басқармасының бастығы;
2003 - 2005 жж. - "Қазақстан Наурыз банкі" АҚ Солтүстік-Қазақстан облыстық филиалының Директорының орынбасары, Директор;
2005 - 2019 жж. - "Петропавл нан-тоқаш комбинаты" ЖШС Бас директоры;
2008 ж. – "Қазфосфат" ЖШС, Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі, Директорлар кеңесінің мүшесі;
2018 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін - "KNG Finance" ЖШС (Банк холдингі) Бас директоры;
2019 жылғы 12 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – "АТФБанк" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, "АТФБанк" АҚ Басқарма мүшесі.


Антон Ли Антон Ли
"АТФБанк" АҚ Басқарушы директор, Басқарма мүшесі
Орталық өңірден басқа барлық өңірлердегі корпоративті клиенттермен жұмысқа, сонымен қатар Банктің катодиандық қызметіне жетекшілік етеді.

ҚМЭжБИ дипломы (Іскерлік әкімшілендіру және бухгалтерлік есепке алу)

2003 ж. - "Нұрбанк" АҚ-та бастаған;
2004 - 2009 жж. - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, онда Қаржылық тәуекелдер департаменті Тәуекелдерді бақылау және мониторингілеу басқармасының тәуекел менеджері, Тәуекелдерді басқару департаменті Қаржылық тәуекелдер басқармасының тәуекел менеджері, Қаржылық тәуекелдер департаменті Тәуекелдерді бақылау және мониторингілеу басқармасының аға тәуекел менеджері, Тәуекелдерді басқару департаменті Қаржылық тәуекелдер басқармасының бас тәуекел менеджері, Тәуекелдерді басқару департаменті Қаржылық тәуекелдер басқармасының бастығы қызметтерін атқарған;
2009 - 2010 жж. - "АТФБанк" АҚ Стратегиялық тәуекелдер департаменті нарықтық тәуекелдер басқармасының бастығы;
2010 - 2011 жж. - "АТФБанк" АҚ Басқарма төрағасы қызметінің кеңесшісі;
2010 - 2013 жж. - "АТФБанк" АҚ Стратегиялық тәуекелдер департаменті стратегиялық тәуекелдер бойынша тәуекел менеджменті бағытының директоры;
2013 ж. - "АТФБанк" АҚ Басқарушы директоры;
2013 жылғы 01 желтоқсаннан бастап - "АТФБанк" АҚ Басқарушы директор, Басқарма мүшесі.


Ахимбекова Анар Абилхановна Анар Ахимбекова
Басқарушы директор – Қаржы директоры, Басқарма мүшесі.
Қаржы және бухгалтер қызметі бағытын, сонымен қатар Кредиттік емес операцияларды қолдау департаментіне жетекшілік етеді.

Қаржыгерлер қауымдастығының "Үздік қаржыгер" қоғамдық медалімен марапатталған. Қаржы және аудит саласында үлкен жұмыс тәжіриесі бар.

"Қаржы және кредит", "Банктік ісі" мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1997 ж.) және "Заңгер" мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң университетін (2001 ж.) үздік аяқтаған.

Халықаралық бизнес университетінің "MBA Қаржы" мамандығы бойынша (2009 ж.) үздік дипломы бар.

ҚР Аудиторлар палатасының мүшесі және сертификат берілген аудиторы болып табылады (біліктілік куәлік № МФ-000052).

"Кәсіби қаржы менеджері" DipPFM (ICFM Сертификат берілген қаржы менеджерлері институты) біліктілігі және DipIFR (ACCA) (DIPLOMA IN INTERNATIONAL FINANCIAL REPORTING) халықаралық қаржы есептілігі бойынша біліктілігі бар.

СAP және CIPA (CIPAEN) сертификатталған халықаралық кәсіби бухгалтерлердің біліктілік куәлігі бар.

Еңбек жолын 1997 жылы "CAIFC Investment group" бастады, ондағы қызметі: қаржы талдаушысы, Талдау және корпоративті қаржы бөлімінің бастығы, Бас директордың орынбасары, Бағалау қызметі бағытының директоры;
2004 жылдан 2007 жыл аралығында "Хабар Агентігі" АҚ-та Жоспарлау-қаржылық қызметін басқарған;
2007 жылы "Қазтелерадио" АҚ Ұлттық компаниясының Қаржы директоры болған;
2007 ж. бастап 2009 ж. аралығында Самрұқ-инвест корпоративтік қаржы департаментінің директоры (САМРҰҚ активтерді басқару бойынша мемлекеттік холдинг құрылымында), сонымен қатар Самрұқ мем.холдингінің инвестициялар бойынша департаментінің директоры болған;
2009 ж. бастап 2011 ж. аралығында "Тараз әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры және ТаразИнвестКонсалт директорының орынбасары (Жымбыл облысы Әкімдігі құрылымына қарасты)қызметтерін атқарған;
2013 жылғы қазанға дейін BDO Kazakhstan audit халықаралық компаниясының аудиторы болды;
2013 ж. бастап АТФБанк АҚ қызметкері. Атқарған қызметтері: Корпоративті проблемалық қарыздармен жұмыс басқармасының Атқарушы директоры, Проблемалық қарыздармен жұмыс барысындағы тәуекелдерді талдау және қолдау басқармасының бастығы, Проблемалық кредиттер бойынша тәуекелдерді басқару департаментінің директоры;
2016 жылғы 12 желтоқсаннан бастап - Басқарушы директор, Қаржы директоры, "АТФБанк" АҚ Басқарма Мүшесі.


Нуркен Досмухамбетов Нуркен Досмухамбетов
"АТФБанк" АҚ Басқарушы Директоры, Басқарма Мүшесі
Заң және кепіл қызметі бағытын, құжаттамалық қамтамасыз ету, сонымен қатар кредит беру процестерін қолдау департаменті және Банк басқармасына жетекшілік етеді.

Қазақ Гуманитарлық Заң Университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша аяқтаған (үздік диплом). University College London магистрі "Құқық магистрі".

2003 - 2006 жж. - Қазақстанның Ұлттық Банкі, Бас маман;
2007 - 2008 жж. – "Делойт" ЖШС, Заң кеңесшісі;
2008 ж. - "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ, Комплеанс қызметінің маманы;
2008 - 2009 жж. - "Dewey & LeBoeuf" ЖШС (халықарылық заң компаниясы), Заңгер;
2009 - 2010 жж. - "Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ ("ҚАЗАГРО Ұлттық басқару холдингі" АҚ еншілес ұйымы"), Заң басқармасының бастығы;
2010 - 2014 жж. - "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, Заң департаментінің директоры;
2014 - 2016 жж. - Қазақстанның Ұлттық Банкі, Құқықтық қамсыздандыру департаментінің директоры;
2015 ж. бастап - "Депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ, Директорлар Кеңесінің Мүшесі;
2016 жылғы 29 ақпаннан бастап - "АТФБанк" АҚ, Атқарушы Директор;
2016 жылғы 13 маусымнан бастап - "АТФБанк" АҚ Басқарма Мүшесі;
2017 жылғы 21 сәуірден бастап - "АТФБанк" АҚ, Басқарушы Директоры, Басқарма Мүшесі;
2018 жылғы 27 сәуірден бастап - "Оптима Банк" ААҚ, Директорлар кеңесінің Төрағасы.


СабыргалиевЕ Ербол Сабыргалиев
"АТФБанк" АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі
Кредиттік және стратегиялық тәуекелдердің қызметіне, сонымен қатар оларға талдау және үлгілеуге жетекшілік етеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін "Экономист, халықаралық экономика саласы маманы" мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

Өзінің еңбек жолын 2004 жылы "Демир Казахстан Банк" АҚ-та Корпоративті қатынастар департаментінің бас маманы позициясында бастаған.

2006 - 2008 жж. - "KPMG Tax&Advisory" ЖШС, Қаржы және бизнес кеңес беру департаментінің кеңесшісі.
2008 ж. ақпаннан бастап – "Банк Позитив" АҚ, Алматы орталық филиалы директорының орынбасары;
2008 - 2009 жж. - "Банк Астана-Финанс" АҚ, Филиал директоры;
2009 - 2010 жж. - "КазИнвестБанк" АҚ, Тәуекел менеджер;
2010 ж. бастап - "АТФБанк" АҚ, Кредиттік тәуекелдер департаментінің директоры;
2017 ж. 01 наурыздан бастап - "АТФБанк" АҚ Атқарушы директоры, Басқарма мүшесі;
2017 ж. 21 сәуірден бастап - Басқарушы директор, Басқарма мүшесі.