2424
8 8000 800 283

Связь с Банком

Құрметті АТФБанк клиенттері!

Біздің банкпен ынтымақтастықта болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Біз сіздердің таңдауларыңызды құрметтейміз және сіздермен тілдесу үшін ашықпыз. Біз Сіздердің үміттеріңізді ақтауға, сіздердің талаптарыңызға сәйкес келуге және Сіздерді кез келген өмірлік жағдайда қолдауға дайынбыз. Өз сұрақтарыңызды шешу үшін осы мақсаттар үшін арнайы ұйымдастырылған тәсілмен банкке хабарласуларыңызды сұраймыз.

Банктік өнімдер мен қызметтер жөнінде кеңес алу үшін, сондай-ақ банк банкоматтары мен бөлімшелерінің орналасқан жерлері және Сізді қызықтыратын тағы басқа ақпаратты білгіңіз келсе, Сіз кез келген уақытта Банктің байланыс орталығына хабарласа аласыз.

Қағаз бетінде ресімделген өзіңіздің жазбаша хаттарыңызды Сіз пошта арқылы немесе Банк канцеляриясына жеке жеткізе аласыз

Сіз сондай-ақ өз мәселеңізді шешу үшін банк басшылығының жеке қабылдауына жазыла аласыз.

Біз Банк жұмысындағы анықталған олқылықтар туралы хабарлауға уақыт тапқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Бізге жазбаша, сондай-ақ ауызша түрде жіберілген сіздің әрбір хабарламаңызды банк мамандары қабылдайды және қарастырады, бұл ақпарат банк жұмысындағы өзгертулер туралы шешімді қабылдаған кезде ескерілетін болады.

Егер банкке хабарласқан кезде, Сіз Банк қызметкерінің стандартты банктік қызмет барысында қандай да бір заңсыз артықшылықты алу немесе сақтау үшін ақшаны, сыйлықты немесе басқа пайданы беруі, ұсынуы, уәде етуі, алуы, қабылдауы, талап етуі немесе қорқытып алуы сияқты жөнсіз әрекеттерімен кезіксеңіз, осындай деректер туралы еmail: anticorruption@atfbank.kz немесе кез келген өзіңізге ыңғайлы әдіспен хабарлауды сұраймыз.

Есте сақтаңыз, банк клиенті ретінде есте сақтаңыз, Сіз банк клиенті ретінде әрдайым банкке хабарласудың ұсынылған әдістерін пайдалана аласыз. Біз сіздің сеніміңізді қадірлейміз және Сізбен байланысқанымызға қуаныштымыз.

Әрі қарайғы жемісті ынтымақтастықты тілеуші,
АТФБанк командасы