2424
8 8000 800 283

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды мемлекеттік қайта қаржыландыру бағдарламасы

"АТФБанк" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №69 Қаулысымен бекітілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысады.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары
  • Қарыз алушылардың максималды мүмкін мөлшері үшін ипотекалық қарыздарды өтеу талаптарын жеңілдету;
  • Проблемалық кредиттердің деңгейін төмендету;
  • Экономиканың долларлану деңгейін төмендету.

Қайта қаржыландыру талаптары:
  • Қайта қаржыландыру қарыз алушылардың өтініштерінің негізінде жүргізіледі;
  • Сыйақы мөлшерлемесі 3%-дан басталады (СЖТМ 3,1% бастап);
  • Бағдарлама аясында қарызды қайта қаржыландыру кезінде Банк комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді алмайды.

Кеңес алуға арналған Банк бөлімшелерінің мекенжайлары:
Құжаттар пакеті*
  1. Жеке басын куәландыратын құжаттар;
  2. 2015 ж 01 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан бойынша жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы анықтама (ХҚКО арқылы әділет органдарынан алу);
  3. Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама (ХҚКО арқылы әділет органдарынан алу);
  4. Мекенжай анықтамасы (ХҚКО-дан алу) (КД шешімі бойынша қажет болған жағдайда);
  5. Қарыз алушының/қосалқы қарыз алушының ТӘОТ жататындығын болса: растайтын құжаттар, егер қарыз алушы/қосалқы қарыз алушы ол топқа жататын болса (толық емес отбасы, нысан-4 анықтамасы, көп балалы отбасы, қарыз алушының/қосалқы қарыз алушының 1 немесе 2 топ мүгедектігі, баланың мүгедектігі және т.б.).

*Қосымша құжаттар Банктің қалауы бойынша сұратылуы мүмкін