2424
8 8000 800 283

«ҚАЗПОЧТА» АҚ бөлімшелері арқылы
кредиттерді өтеу, ағымдағы және
жинақ шоттарын толықтыру



Құрметті «АТФБанк» АҚ клиенттері

Енді Сіздерде «ҚАЗПОЧТА» АҚ бөлімшелері арқылы кредиттерді өтеу, ағымдағы/жинақ шоттарын толықтыру мүмкіндігінің туындағандығын хабарлаймыз.

«ҚАЗПОЧТА» АҚ бөлімшелері арқылы төлемдер жасау үшін өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат, сондай-ақ «АТФБанк» АҚ ашылған және толықтырылатын банктік шоттың жиырма мәнді нөмірі болуы керек. Төлемдерді Сіз, сонымен бірге Сіздің пайдаңызға үшінші тұлғалар жасай алады.

Төлемді жіберу кезінде алынатын комиссиялық сыйақының мөлшері сомадан 0,9%-ды, 1 төлем үшін кемінде 200 теңгені құрайды.

Ақша клиенттің шотына түсетін мерзім:
  • төлемдерді «ҚАЗПОЧТА» АҚ автоматтандырылған (компьютер жүйесіне қосылған) Бөлімшелері арқылы қабылдау жағдайында: төлем қабылданған күннен кейінгі жұмыс күнінің ішінде;
  • төлемдерді «ҚАЗПОЧТА» АҚ ауылдық жерлерде орналасқан автоматтандырылмаған (компьютер жүйесіне қосылмаған) Бөлімшелері арқылы қабылдау жағдайында: 10 жұмыс күніне дейін.

Толығырақ ақпаратты төмендегі нөмірлер бойынша «АТФБанк» АҚ филиалының операциялық бөлімшесінен және Байланыс-орталығынан:
  • 2424 (кез келген ұялы телефон операторынан Қазақстан бойынша тегін);
  • 8 8000 800 283 (қала телефондарынан Қазақстан бойынша тегін),

Cондай-ақ «ҚАЗПОЧТА» АҚ Байланыс-орталығынан 1499 нөмірі арқылы (ұялы және қала телефондарынан Қазақстан бойыша тегін) алуға болады.