2424
8 8000 800 283

SWIFT халықаралық аударымдары

"АТФбанк" АҚ корреспондент банктердің
тармақталған желісі бар және ол жер шарының
кез келген жеріне, сондай-ақ әлемнің барлық
негізгі валюталарында ақша аудара алады
Қазіргі уақытта SWIFT жүйесі олардың орналасқан жерлеріне қарамастан банктер арасында өзара есеп айырысуларды жүзеге асыруда барынша қолайлы, сенімді әрі қауіпсіз болып табылады. Аталған жүйе 2-3 күннің ішінде дүние жүзінің кез келген нүктесіне ақша аударуға мүмкіндік береді.
  • SWIFT аударымдары ағымдағы шот арқылы жіберіледі;

  • Ақша алушысы заңды, сондай-ақ жеке тұлға да бола алады;

  • Ақшаны кез келген банкке, кез келген елге, кез келген валютада аударуға болады;

  • Аударым сомасы бойынша шектеулер жоқ;

  • Қомақты сомаларды аудару жағдайында аударымдардың басқа түрлерімен салыстырғанда комиссиялар біршама төмен болады;

  • АТФБанкте шот ашу қажеттілігі болмайды;

  • АТФБанкте төлемдер Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 17:00-ге дейін қабылданады.
  1. АТФБанктің Сіз үшін қолайлы бөлімшесіне келу

  2. Ақша алушысының деректемелерін білу:
    • Ақша алушысының аты-жөні, шот нөмірі;

    • Бенефициар банкінің атауы, оның орналасқан қаласы және елі, Бенефициар банкінің SWIFT-коды немесе Бенефициар банкінің басқа да сәйкестендіру коды;

    • ақшаны ресей рублінде аудару үшін жоғарыда көрсетілген деректемелерден бөлек мыналар қажет: ақша алушысының ЖСН-і, Бенефциар банкінің корреспонденттік шоты, «ВО» валюталық операция коды.

  3. Жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну.

  4. Аударым туралы өтінішті толтыру және оны банктің операциялық қызметкеріне тапсыру.

  5. Аударым үшін комиссияны есепке ала отырып, қажет соманы енгізу. / комиссии за перевод через ATF24

2016 жылдың мамыр айынан бастап АТФБанк қосымша қызмет - ATF24 интернет-банкінгі арқылы SWIFT аударымдарын ұсынады.

  • ATF24 арқылы SWIFT аударымдары бойынша тарифті мына жерден біле аласыз.

  • ATF24 арқылы SWIFT аударымын жіберу үшін Сізде аударым валютасында ашылған ағымдағы шот болуы керек.

  • ATF24 арқылы аударымды төрт валюта: USD, EUR, RUB, GBP арқылы жіберуге болады.