2424
8 8000 800 283

Қырғызстанға TEZ аударымдары

2013 жылғы 1 ақпаннан бастап «АТФБанк» АҚ-тың
жаңа қызметіне қол жеткізуге болады – «АТФБанк» АҚ
төлем карточкаларынан «Оптима Банк» ААҚ
төлем карточкаларына және керісінше жылдам,
қолайлы және оңай аударымдар.

Операциялардың түрі Комиссиялық сыйақы мөлшері Клиенттің төлем карточкасы бойынша операциялары көрініс табатын ағымдағы шотынан «Оптима Банк» ААҚ ашылған төлем карточкасы бойынша операциялар көрініс табатын ағымдағы шотына Банкоматтар, Интернет-банкинг арқылы SMS-хабарламаға жіберілген төлем нұсқаулары негізінде ақша аудару 0,7%, минимум KZT 500

- Қазақстан Республикасында – аударым сомасынан 0,7%, минимум 500 теңге (комиссия жөнелтушіден ұсталады);
- Қырғызстан Республикасында – «Оптима Банк» ААҚ карточкасына аударғаны үшін 0,3%

Аударымдар бойынша шектеулер:
1. Бір операция үшін –150 000 теңгеден артық емес
2. Тәулігіне –2 операциядан немесе 300 000 теңгеден артық емес
3. Айына –9 999 АҚШ доллары баламасынан артық емес


«Оптима Банк» ААҚ төлем карточкасынан аударымды жасағанда:
Қырғызстан Республикасына - аударым сомасынан 0,7% (комиссия жөнелтушіден ұсталады)
Қазақстан Республикасында – «АТФБанк» АҚ карточкасына аударғаны үшін 0,5%


Аударымдар бойынша шектеулер:
1. Бір операция үшін–50 000 сом/1000 АҚШ долларынан артық емес
2. Тәулігіне –2 операция немесе 100 000 сом/2000 АҚШ долларынан артық емес
3. Айына –10 000 АҚШ доллары және оның баламасынан артық емес
  • Алушының карточка нөмірі мен жөнелтім сомасын көрсетумен бірге смс-хабарлама жіберу арқылы;*

  • ATF24 интернет-банкингі арқылы;

  • «АТФБанк» АҚ банкоматтар желісі арқылы.

TRANS XXXX 123456123456 50000 KZT XXXX - СІЗДІҢ СМС-банкингке жазылған, сол арқылы аударым жасалатын карта нөмірінің соңғы 4 саны. Сол арқылы аударым жіберілетін карта SMS банкинг қызметіне жазылмаған жағдайда, бұл аударым жүзеге асырылмайды.

123456123456 - оған аударым жасалатын карта нөмірінің 16 саны

50000 - кез келген сома болуы мүмкін, 150000-ға дейін.

KZT - валютаның міндетті әріптері.

Барлық сөздердің МІНДЕТТІ ТҮРДЕ бос орын символдарымен бөлінетіндігіне назар аударыңыздар.