2424
8 8000 800 283

Төлем карточкалары
бойынша аударымдар

Visa to Visa аударымдары —
шот ашпай жақындарыңыз б ен достарыңызға ақша
аудару жылдам әрі арзан
Visa-to-Visa және Mastercard-to-Mastercard* жүйелерінің аясында АТФБанктің төлем карточкаларынан кез келген қазақстандық және шетел банктерінің төлем карточкаларына аударымдар жасаңыз.

button_kartadan-kartaga-audaru.png

Олардың бір-біріне жақын болуы немесе әртүрлі континенттерде екендігіне қарамастан аударымдар қызметі жіберуші үшін де, алушы үшін де пайдалануға оңай болып келеді.
  • Жақындарыңыз, таныстарыңыз немесе серіктестеріңізге ақша аудару үшін Сізге бар болғаны алушы карточкасының нөмірін білу жеткілікті.

  • Аударымның алушысына банкке барудың қажеті жоқ. Сіз жіберген ақша оның қайда екендігіне қарамастан картасына есепке алынады. Алушы өз карточкасы арқылы дереу сатып алған заты, қызмет үшін төлем жасай алады немесе ақшаны кез келген банкоматтан ала алады.

Қызмет көрсету бойынша комиссиялармен мына жерден таныса аласыз.

Сондай-ақ Банктің барлық клиенттері үшін төлем жүйесінің түріне қарамастан (Visa-to-Visa/Mastercard және Mastercard-to-Mastercard/Visa) Банк ішінде төлем карточкаларынан аударымдар жасауға болатындығын есіңізге саламыз.

Төлем карточкаларынан аударымдар қызметі тәулік бойы қолжетімді болады.

Аударым операциялары бойынша төмендегі лимиттердің белгіленгендігін естеріңізге саламыз, оларды алып тастауға немесе өзгертуге болмайды:
  • Бір күнтізбелік ай үшін операциялардың ең жоғары сомасы: 10 000$.
  • Бір күнтізбелік ай үшін операциялардың ең жоғары саны: 20 операция.
  • Бір тәулік үшін бір операцияның ең жоғары сомасы: 2500$.
  • Бір тәулік үшін операциялардың ең жоғары саны: 5 операция.

АТФБанктің төлем карточкаларымен бұрынғыдан да көбірек аударым жасаңыз!

* Бірқатар елдер мен банктер өз карточкаларының иелеріне аталған операцияны жүргізуіне шектеу қоюы мүмкін (Колумбия, АҚШ және т.б.). Мұндай елдердің тізімі төлем жүйесінің ережелерімен белгіленеді және өзгеруі мүмкін.