2424
8 8000 800 283

Банктің ішкі аударымдары және банкаралық аударымдар

Банк жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі — ақша аударымдары мен төлемдер. Біз ақшалай қаражатты Қазақстанның аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерге аударамыз.

Сіздер АТФБанктің дамыған филиал желісін пайдаланып, өз шотыңыздан, сондай-ақ шот ашпай-ақ банктік аударымды оңай ресімдей аласыз. АТФБанктің және басқа банктердің шоттарына ақшалай аударымдар теңгемен және шетел валютасында жүргізіледі.

Өз банктік шотыңыздағы ақшалай қаражатты сіз:
  • Өзіңіздің банкте ашылған басқа шоттарыңызға және салымдарыңызға аудара аласыз;
  • Өзіңіздің ҚР аумағында және ҚР аумағынан тыс жерлердегі өзге банктерде ашқан шоттарыңызға (салымдарыңызға);
  • Кәсіпкерлік қызметті іске асырумен байланысты емес шоттар бойынша өзге резиденттерге және бейрезиденттерге (заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге немесе жеке тұлғаларға) аудара аласыз.

Шот ашпай сіз:
  • Өз атыңызға және басқа жеке тұғалардың атына қолма-қол ақшамен төлеуге арналған аударымдарды жібере аласыз;
  • Өз атыңызға немесе өзге заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың атына ашылған шоттарға түсіруге арналған аударымдарды жібере аласыз.

Тарифы

ҚР аумағында клиенттердің өз шоттарына және ҚР Валюта заңнамасымен рұқсат берілген үшінші тұлғалардың шоттарына жасалатын операцияларды қоспағанда, резиденттер арасында шетел валютасында есеп айырысуға тыйым салынғанына назарыңызды аударымыз

Ақшалай қаражатты аудару үшін сіз өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды, ЖСН беруге және белгіленген нысан бойынша өтініш ресімдеуге тиіссіз.

Әдетте ҚР валютасындағы және шетел валютасындағы ақшалай қаражатты басқа құжаттарды бермей-ақ аудара аласыз. Бірақ банк қызметкері аударыммен байланысты және оның мақсатын растайтын құжаттарды сұрауға құқығы бар. Бұл шарт Қазақстан Республикасының аумағында теңгедегі ауарымдарға жүрмейді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жеке тұлғалардың төлемдерін аударуға арналған деректемелер